Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

«ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 қараша күні 7 сағат 42 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 145 шақырым, Қарақоладан 99 шақырым және Қызыл-Суудан 63 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты — 11.9.  Тербелісі — 5.4. 2 балдық жер дүмпуін Алматы тұрғындары сезінді.