«2018 жылғы 9 ақпанда Корея Республикасының Пхенчхан қаласында 23 қысқы олимпиада ойындарының ашулуы болады. 4 жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары да қатысады», — деді министр.
Осы орайда ол қысқы Олимпиада ойындарына қанша мемлекет қатысатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар 9 спорт түрінен бақ сынайды екен.
«Осы Олимпиада ойындарына 80-нен астам әлем елінен 5 мыңнан астам спортшы мен ресми тұлғалар қатысады. Олимпиада ойындарының 15 спорт түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның спорттық делегациясы 9 спорт түрінен: биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристаил, акробатика могул бойынша қатысуды жоспарлап отыр. », — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.