Илья Ильин 2020 жылы өтетін олимпиадаға қатысуы мүмкін

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға қатысуы мүмкін. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан IWF Халықаралық допингке қарсы конференциясының кулуарында Қазақстанның ауыр атлетикадан бас хатшысы Омар Мұстафин мәлімдеді.

«Илья Ильиннің ісі Майя Манезаның ісіне ұқсас. Онда Майя Манеза екі жыл спорттан шеттетілген болатын. Бірақ оның Олимпиадалық емес ойындарда жеткен жетістіктері сақталды», — деді бас хатшы.

Оның айтуынша, қазақстандық танымал зілтемірші Илья Ильиннің допинг дауына қатысты ісіне нақты шешім алдағы бірнеше айда шығып қалуы мүмкін.

ДереккөзBaq.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз