Олимпиададан шеттетілген Илья Ильин Англияға оқуға кетпекші

Допинг дауымен ұсталған ауыр атлет Илья Ильин Англияға барып білім жетілдірмекші. Спортшы біраз уақыттан бері спорт саласындағы психология мен менеджментті меңгеруге қызығушылық танытып жүр екен. Алайда спортшының бапкері Ержас Болтаев оның нақты қай университетте білім алатынын айтпады.

«20 жылдық спорттық мансабында оның толықтай оқу процесін меңгеруіне мүмкіндік тумады. Енді Илья кемшін тұстарын біліммен толықтыруға ниет танытып отыр. Бірақ, жаттығуларды да тастамайды», – еді Ержас Болтаев.