Месси «Алтын допты» бесінші рет иеленді

Цюрих қаласында өткен салтанатты кеште мәртебелі «Алтын доп» жүлдесін Лионель Месси иеленді. 2015 жылы «Барселона» және Аргентина құрамасының футболшысы бұл атаққа лайықты тер де төге білді. Нәтижесінде бұл сыйлықты бесінші рет жеңіп алды.

Месси алтын доп

Үздік футболшыға дауыс беру қорытындысы:

Месси: 41.33%

Роналду: 27.76%

Неймар: 7.86%

Әйелдер арасында жылдың үздік футболшысы болып АҚШ ұлттық құрамасы жартылай қорғаушысы Карли Ллойд танылды.

2015 жылдың ең үздік голына берілетін «Пушкаш сыйлығын» Вендел Лира ие болды. Бразилия чемпионатының төртінші дивизионында ойнайтын футболшы үздік голға таласта Лионель Месси мен Алессандро Флоренциді басып озды.

Үздік голға дауыс беру қорытындысы:

Венделл Лира («Гояс»): 46.7%
Лионель Месси («Барселона»): 33.3%
Алессандро Флоренци («Рома»): 7.1%

Цюрихтегі марапаттау кешінде 2015 жылдың символдық құрамы да жарияланды. Тізімге төрт«Барселона» мен  «Реал» ойыншысы енген. Месси мен Роналду бұл тізімге төртінші жыл қатарынан еніп отыр. Жылдың үздік қақпашысы болып Мануэль Нойер танылды. Алайда «Бавария» қақпашысы марапаттау рәсіміне келлген жоқ. «Реал» ойыншысы Лука Модрич бірінші рет бұл тізімге енді.

Өзге де марапат иелері:

Джил Эвис – 2015 жылғы әйелдер арасындағы ең үздік бапкер.

Джеральд Асамоа – 2015 жылдың ең әділ футболшысы сыйлығына ие болды.

Fair-Play Award марапаты босқындар мен балаларына көмек қолын созған барлық клубтарға берілді.

Дереккөзmassaget.kz