10 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстанда екпіні 30 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.