Маңғыстауда тас мүсіндер мұражайы құрылады

Себебі бірнеше ғасырды қамтитын ұлы дала ескерткіштерінің басым бөлігі осы өңірде шоғырланған.

Бұл туралы облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында айтылды. Қазірдің өзінде 250-ден астам тас мүсін табылып, зерттелген.

«Ендігі мақсат – бабалар өнерін насихаттап, туристерге таныстыру», – дейді өңір басшылары.

Белгілі ғалымдар мен тарихшылар бас қосқан алқалы жиында аймақтағы жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мәселесі де қаралды.

Ислам Жеменей, шығыстанушы, этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор: Бұдан былай зерттеулер түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып, зерттеліп, айналымға шығу туралы Елбасы тікелей тапсырма берген болатын. Соның жалғасы ретінде Маңғыстауға, жалпы қазақ жеріне қатысты жазба деректерді тікелей қазақ тіліне аударып, айналымға жіберу туралы ой келді.

Дереккөз24.kz