iPhone X смартфонының бағасы қанша болуы тиіс?

Мамандардың бағасы бойынша, жаңа Apple өнімінің ішкі бөлшектері — 247 доллар, болаттан жасалған сыртқы корпусы — 36 доллар, дисплей — 65 доллар. Қорытындылай келе, мамандардың нұсқасы бойынша, iPhone X смартфонының негізгі бағасы 357 доллардан (117 мың теңге) аспауы тиіс.

iPhone X 3 қарашада әлемдік сатылымға шықты. АҚШ-та базалық модель 999 долларға сатылып жатыр. Ресейде жаңа телефонның жады 64 ГБ болатын смартфон бағасы 79 мың рубльден (1 350 доллар) басталады.

Басылым инженерлерінің мәліметінше, оныншы iPhone смартфонының ішкі құрылысына кеткен бөлшектер Apple Watch гаджетінен де аз.

IPhone X
©tengrinews.kz
Дереккөзtengrinews.kz