Бұл топқа АҚШ, Жапония, Ресей, Италия, Германия, Израиль, Оңтүстік Африка, Колумбия, Канада және Голландия ғалымдары кірген.
Олардың міндеті жерге жақын ұшып жүрген астероидтардың салмағын, көлемін, ұшу бағытын есепту және жерге қаншалықты қауіпті екендігін анықтау.
Ғалымдар жерге қауіпті астероидтарды анықтаудағы алғашқы тәжірибелерін Оңтүстік Еуропада зерттеу обсерваториясында жүргізген. Әлемнің он елінен келген ғалымдар тобы телескоп арқылы жерге жақын қашықтықта ұшып өткен «2012 ТС4» астероидының ұшу бағыты мен көлемі қанша екендігін анықтаған.
NASA ғалымдарының сөзінше, болашақта бұндай тәжірибелерді әр мемлекет өз бетінше жүргізе беретін болады.