Алматыда Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Орталықтың негізгі міндеті – шағымдарды жедел қарау. Сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, әкімшілік кедергілерді жою.

Мұнда прокурорлар, адвокаттар, нотариустар және медиаторлар жұмыс істейді. Олар азаматтарға кең ауқымды тегін құқықтық қызмет көрсетеді. Бұған дейін осындай орталықтар Астана, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай мен Атырауда ашылған болатын.

Алматы прокуратурасы бұған дейін күніне 50 адамның өтінішін қарайтын. Енді құқық қорғау қызметтері орталығы бір күнде 200 адамға дейін қабылдай алады.

Сағатбек Сүлеймен, ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысы: Бұл жерде тәжірибелі прокурорлар қызмет етуі керек. Олар осы саланы білуі керек. Адамға барынша түсіністікпен қарап, барынша көмектесуге күш салу қажет.

Дереккөз24.kz