Басты бетҚоғам11 қарашада...

11 қарашада «Нұр Әлем» павильоны қайта ашылады

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ұлттық павильон 11 қарашада ашылып, сфера толықтай жұмыс істей бастайды. Дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Экспозицияға қатысты айтар болсақ, бұл туралы ақпаратты ЭКСПО ашылғанға дейін құпия сақтауды жөн көрдік», — делінген «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ сайтында.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «EXPO 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатында мәлім еткендей, «Нұр әлем» және тақырыптық павильондар сақталып, энергия музейі ретінде жұмысын жалғастыратын болады.