Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королімен кездесті

Иордания Королі Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан мен Иордания арасындағы дипломатиялық байланыс осыдан 25 жыл бұрын орнаған.Осы уақыт аралығында қос мемлекеттің халықаралық аренадағы ынтымақтастығы, өзара ауызбіршілігі артып келеді.

«Иордания корольдігі тарапынан қазақстандық бастамаларға үнемі қолдау көрсетіледі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесуде Елбасы II Абдаллаға «Ғаламдық қауіпсіздік және ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық сыйлықты табыстады.

Дереккөз24.kz