Шымкенттің «Ескі қалашығы» мұражайға айналады

Заманауи өнер музейі де осында бой көтереді. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстарының бірінші кезеңі басталған.

Сондай-ақ қайта қалпына келтіру ісі де қатар жүріп жатыр. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдар көптеген тарихи жәдігер тапты. Қазір қала әкімдігі «Ескі шаһарды» қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үстінде.

Тарихи-мәдени орын болғандықтан, бұл маңға 50 метрге дейін құрылыс салуға болмайды. Сондықтан «Ескі қалашықтағы» жеке нысандардың жері алдағы уақытта мемлекет меншігіне қайтарылады.

Мұрат Базарқұлов, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы: Бірінші кезекте біз осы мынау «Ескі қалашықтың» аумағына тығыз әрі жақын орналасқан ғимараттардың барлығына меншік нысандарына ескертулер беріліп, оларды алдағы уақытта мемлекеттің қажеттілігіне байланысты жерлерін қайтып алу жұмыстары жүретін болады.

Дереккөз24.kz