Басты бетТанымҚорқынышты фильмдердің...

Қорқынышты фильмдердің қандай пайдасы бар?

Техас университетінің ғалымдары жақында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорқынышты фильмдердің адам психикасына қандай пайдасы бар екенін анықтады. Қорқынышты фильмдер психотерапевттің рөлін атқарып, адамға бойындағы қорқыныштарын жеңуге көмектеседі екен.

Сонымен қатар, бұл жанрдағы фильмдер жағымсыз энергиядан құтылуға, адамның көңіл-күйін өзгертуге әсер ете алады.

Қазіргі қоғамда адамдарға адреналин жетіспей жатады. Сондықтан болар, қорқынышты фильмдер сұранысқа ие.

Диетологтардың айтуынша, қорқу сезімі салмақ тастауға көмектеседі.

Қорқынышты фильмдер ағзаның жұмысын жақсартып, қан айналымын жылдамдатады. Фильмге кірер алдында және шыққан соң мамандар адамдардан қан алып тексеріп көрген. Нәтижесінде қорқынышты фильмді көрген адамның қанында лейкоцидтер концентрациясы артқан.

Зерттеушілер қорқынышты фильм көріп отырған адам мен жүгіріп, физикалық жаттығу жасаған адамның ағзасы бірдей жұмыс істейтінін айтады.