Атырауда республикалық «ASAR» ынтымақтастық форумы өтті

Форум барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды.

Екі күнге созылған форум аясында бизнес-құрылымдар мен ҰЕҰ-дар арасында бірлескен əлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 10 меморандумға қол қойылды. Әлеуметтік жобалар мен идеялар жəрмеңкесі, зияткерлік конференциясы, панельдік пікірталастар, шеберлік сыныптары мен семинарлар өтті. ҚР Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы, Атырау облысының əкімдігі бірлесіп ұйымдастырған шара үшжақты серіктестіктің қадамы нық, болашағы жарқын екенін көрсетті.

Айта кетейік, енді бұл форум жыл сайын еліміздің түрлі өңірлерінде өтетін болады.

ДереккөзEgemen.kz