Басты бетТанымБилл Гейтстің...

Билл Гейтстің 10 қағидасы

  • Алдымен өз бәсекелестеріңді зерттеп ал! Билл Гейтстің әр жұмыс күні бәсекелес компаниялардың веб-ресурстарын қараудан басталған.
  • Шешім қабылдауда батыл бол! Ең алдымен жағымсыз жаңалықтарды, содан кейін ғана жақсы жаңалықтарды білуге тырысу керек. Билл Гейтс жақсы менеджердің ең басты қасиеті жағымсыз жаңалықтарды салқынқандылықпен қабылдай білу дейді. Себебі осылай жасағанда ғана кез келген мәселе жылдам әрі оңынан шешіледі.
  • Болашақ – ғаламторда. Соған ден қойыңыз. Гейтс әлемде екі түрлі компания болады дейді. Бірі – ғаламтордағылар, екіншісі – өз кәсібін аяқтағандар.
  • Жетістікке аса мән бермеңіз. Ол алдамшы. Белгілі бір мақсатқа қол жеткізгеннен кейін жаңа белестерді бағындыруға кірісіңіз. Қол қусырып отырмаңыз. Бәсекелестеріңіздің қимыл үстінде екенін естен шығармаңыз.
  • Ұжымды дамыту үшін барлық жағдайды жасаңыз. Басшы қол астындағы қызметкерлер үшін жағдай жасауы қажет.
  • Бүгін жасауға болатын істі ертеңге қалдырмаңыз. Билл Гейтс: «Егер жұмыста бір нәрсе көңіліңізден шықпаса, өз ісіңізді ашыңыз. Мен бизнесімді гаражда бастадым. Уақытты тек өзіңізге қызықты іске жұмсау қажет»-дейді.
  • Өзіңіздің ортаңызды өзгертіңіз. Әлем Билл Гейтсті бекерден бекер креативті адам санамайды.  Ол жылына бірнеше мәрте үйреншікті ортадан ажырап, сананы сергіту керек дейді. Сонда мәселелер мен міндеттердің шешімі табылады.
  • Өз шешімдеріңіздің дұрыстығына күмәнданбаңыз. Өз іс-әрекетіңізге сыни көзбен қараңыз. Өз-өзіңізге сырттай баға беріңіз және асығыс шешім қабылдамаңыз.
  • Жаңа технологияларды пайдаланып, инновацияларды таңдаңыз.
  • Тобырға ермеңіз. Олар дұрыс бағытта жүрмеуі мүмкін. Әрдайым өзіңіздің даму жолыңызды таңдаңыз.