Ауданда мемлекет қаржысына салынып жатқан ең ірі нысан — Щучинск қаласындағы ішкі істер бөлімінің ғимараты. Мұнда қызметтік кабинеттерден өзге, жаттығу залдары, тир бар. Уақытша ұстау изоляторы мен жеке жылу қазандығы да салынған. Жоба құны 2 миллиард 120 миллион теңгеден асады. Ғимарат келесі жылы пайдалануға берілуі керек.
Ал атты полиция бөлімшесіне арналған ғимарат Бурабай кентінде салынуда. Оған 238 миллион теңге бөлінген. Құрылыс қарашада бітеді деген жоспар бар.
Ал Бурабайдағы екінші нысанның құрылысы басталған да жоқ. Оған бөлінген қаржыны Щучинск қаласындағы ішкі істер бөлімін аяқтауға жұмсау туралы ұсыныс берілген. Алайда, әлі шешім қабылданбапты.
Мамандар абаттандыру жұмыстарына ауа райы кедергі келтірмесе, барлығын уақытылы аяқтаймыз деп сендіріп отыр. Ал Бурабай ауылдық полиция бөлімінің құрылысы қашан қолға алынатындығы әлі белгісіз.

