Басты бетЖаңалықтарҚазақ баласы...

Қазақ баласы Әділ Қабылда Мәскеу мемлекеттік университетінде үздік деп танылды

Павлодарлық Әділ Қабылда Ресейдің үздік жоғарғы оқу орны — Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Жыл студенті» атағын жеңіп алды деп жазылған университеттің ресми сайтында.

Белгілі болғандай, Павлодардағы қазақ-түрік лицейінің 2015 жылғы түлегі Әділ Бакуде өткен химия пәні бойынша Дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль иеленген.

Бұл жас химикке Мәскеу мемлекеттік университетінің грантын ұтып алуға септік болған. Бүгінде Әділ аталмыш оқу орнының химия факультетінің I курс студенті.

Дереккөзnur.kz