Ақмола облысында ауыл әкімдерінің республикалық форумы өтті

Форумда аймақ басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында жергiлiктi жерлердегi мәселелердi шешуде тұрғындарды тарту мақсатында жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту бағытында қойылған мiндеттердiң өңiрде жүзеге асырылу барысына тоқталды.

«Алдағы жылдан бастап Ақмола облысында 2 мыңнан астам тұрғыны бар 69 елдi мекенде дербес бюджет енгiзiлетiн болады. Ал, 2020 жылдан бастап, 177 әкiмшiлiк бiрлiкте (барлығы 246) жоспарланған. Бiздiң облыс өзiн-өзi басқару заңының әзiрленуiне белсендi атсалысты. Дербес бюджетке көшу бағытында өңiрлердi дайындау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Әкiмдiктердiң аппараттары жоғары жылдамдықты интернетпен толық қамтамасыз етiлдi. Ауыл әкiмдiктерiн компьютерлермен қатамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде», — дедi Мәлік Мырзалин.

Сонымен қатар аймақ басшысы салық төлеу базасын нақтылау бойынша мемлекеттiк мәлiметтер базасы қайта қаралып, нақтыланып жатқанын атап өттi. «Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының кадрлық құрамының сапасын арттыру мақсатында ауылдық округ әкiмдерi, аппарат қызметкерлерiнiң бюджеттi жоспарлау және бюжет шығысы, салық төлеу, мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша бiлiктiлiгiн көтеру жұмыстары жүргiзiлдi. Коммуналдық меншiк және дербес бюджеттi енгiзу бойынша ақпарттық-түсiндiру топтары оқу семинарларын өткiздi.

«ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң «Зерде» оқыту орталығымен бiрлесiп, ауыл әкiмдерi үшiн Астана және Көкшетау қалаларында арнайы оқу семинарлары ұйымдастырылды. Мемлекеттiк қызметшiлердi оқытудың өңiрлiк орталығында 2 мыңнан астам ауылдық округ әкiмдерi мен мамандары және 160 жуық аудандық экономика және қаржы бөлiмдерiнiң қызметкерлерi оқытылды», — дедi Мәлік Мырзалин басшысы.