АҚШ-та есірткіге байланысты төтенше жағдай жарияланады

«Келесі аптада есірткіге байланысты төтенше жағдай жариялауға ниет білдіріп отырмын. Жағдай өте қиын», — деді ол Fox Business телеарнасына берген сұхбатында.

Дональд Трамп заңсыз иммиграциядан қорғану үшін Мексикамен шекарада қорған салуға уәде берді. Бұл бастама Мексикадан импортталатын есірткіні шектеп, қылмысты жоюға септігін тигізеді деп есептейді.

Соңғы 25 жылда АҚШ-та жасанды опиаттарды (апиынның есірткілік алкалоиді) қолдану үш есеге артқан.

2014 жылдағы мәлімет бойынша, АҚШ-та екі миллионнан астам адам синтетикалық опиаттарға тәуелді екен, бұл героин қолданатындардан 5 есе көп.

Жылына опиаттардан 100 мың адам көз жұмады, героинге қарағанда медициналық препараттарды шамадан тыс қолданудан өлетіндер көбейген.

ДереккөзRia.ru