Алматы хоккейшілері «Арлан» және «Горняк» командаларын қабылдайды

Қазанның 27-і күні алаң қожайындары сағат 19:00-де, ал 28- і күні 17:00-де ойындарын өткізеді. Айта кетер жайт, екі команда Қазақстан чемпионаты аясында 47 рет кездескен болатын(6-41).

Назарларыңызға Алматы командасының статистикасын ұсынамыз:

Жеңіс — 6
Жеңіліс — 33
Овертаймдағы жеңілістер — 5
Буллитдағы жеңілістер — 3

Естеріңізге сала кетсек, осы маусымадғы сырт алаңдағы ойында алматылық ұжым Арлан клубынан екі мәрте ұтылып қалған болатын:

09.09.2017. Арлан-Алматы  —  4-0

10.09.2017. Арлан-Алматы   — 2-1 Б

Енді, келесі кездесулерін алматылықтар Halyk Arena мұз айдыныңда «Горняк» командасымен қазанның 31-і және қараша айының 1-і күндері 19:00-де өткізетін болады.