Басты бет Жаңалықтар Өзбекстан валютасы екі есеге құнсызданды

Өзбекстан валютасы екі есеге құнсызданды

Өзбекстан Орталық банкі ұлттық валюта – сумды екі есеге жуық құнсыздандырды. Бұл туралы ақпарат банктің ресми сайтында жарияланды.

Бүгінгі күннен бастап бір долларға 8 100 өзбек сомына тең. Орталық банктің мәліметінше, өткен аптада бір доллардың құны 4 210,35 сом болған.

Девальвация 2017 жылдың 2 қыркүйегінде Өзбекстан президенті «Валюта саясатын ырықтандыру бойынша бірінші кезектегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаннан кейін жасалды.

«Шетелдік валютаға қатысты ұлттық валюта бағамын орнату кезінде тек қана нарық механизмдерін пайдалану — валюта нарығын одан әрі ырықтандыру саласындағы мемлекеттік экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі», — деп жазылған құжатта.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version