Н.Нығматулин Атыраудағы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды қабылдау өткізді

Спикердің қабылдауына келгендер «Атырау — Астрахан» жолының жөнделуі, жаңа мектеп салу, тұрғын үйлердің газбен қамтамасыз етілуі басқа да әлеуметтік мәселелерді алға тартты.

Нұрлан Нығматулин айтылған жайларды заңнамалық тұрғыдан шешу мүмкіндіктерін қарастырып, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен арада болған келісімдердің орындалуын бақылауға алмақ.