Ақ Еділ Қожа мазары туралы білесіз бе?

Ақ Еділ Қожа мазары – ХІХ ғасырдың теңдесі жоқ діни сәулет ескерткіші болып саналады. Оның пішіні өте қарапайым. Бұл дөңгелек ғимарат көшпелі қазақтың киіз үйіне ұқсайды. Мазар пішіні киіз үй сияқты, тұйық өлшемі сақталған. Күмбезді төбесенің үстіңгі бөлігі опырылған, аркалы есіктің кіру көлемі жартылай бұзылған.

Негізінің күмбезі сегіз қырлы кесененің аймақтық типін сипаттайды, жоспардағы мөлшері 7,8 х 7,6 м, жалпы биіктігі 5 м. Шығыс жағындағы ішкі бөлмеге кіретін есік сыртқы тік бұрыш формасында орындалған, жоспардағы биіктігі 3,5 м, адам мүсіні кескініндегі аркалы өтпегі (биіктігі 2,5 м) бар.

Ақ Еділ Қожа мазары Ақмола облысы, Қорғалжың ауданының Жұмай ауылында орналасқан. Ол ислам дінін бүкіл Қазақстан бойынша таратқан миссионер болған. Негізінде, бұл кесене Жалмағанбет қажы мазары деп аталады. Ақ Еділ Жалмағанбет қажының баласы.