Көкшетауда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Жәрмеңке барысында азаматтар ең талап етілетін мемлекеттік қызмет көрсету салаларында, оның ішінде — жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік саласы, көші — қон қызметі, консультативті — әдістемелік бойынша көмектер алды.

Жәрмеңке қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш берген азаматтардың саны шамамен 100 адамды құрады. Электрондық түрде 40 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетуін электрондық түрде тартуға кең ауқымды акция өткізіліп, электрондық үкімет веб-портал арқылы бойынша мемлекеттік қызмет түрін алу үшін азаматтарға оқу курстары ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде тұрғындардың пікірлері ескеріліп, алдағы уақытта одан әрі жалғастырылатын болды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да