Мбаппе әлемнің үздік жас футболшысы атанды

Франция құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе 21 жасқа дейінгі үздік футболшыға берілетін Golden Boy жүлдесін жеңіп алды.

©f-arena.com

19 жастағы Мбаппе дауыс жағынан «Манчестер Сити» шабуылшысы Габриэль Жесус пен «Барселона» шабуылшысы Усман Дембелені басып озды.

Былтыр бұл жүлдені португалиялық ойыншы Ренату Санчес алған болатын.

Мбаппе жазда «Монако» командасынан ПСЖ-ға ауысқан.

Осы маусымда 18 жастағы шабуылшы клуб деңгейіндегі 11 ресми матчқа қатысып, 4 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Өткен маусымда «Монако» сапында 44 ресми матчқа қатысып, 26 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

Аталған Golden Boy жүлдесін 2003 жылы Tuttosport-тың бас редакторы бекіткен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version