Неймар ПСЖ-дағы алғашқы голын соқты

"Барселонадан" ауысып барған бразилиялық шабуылшы Неймар "Пари Сен-Жермен" құрамындағы алғашқы голын соғып үлгерді.

Неймар алаңға шыққан «ПСЖ»-ның алғашқы ойыны «Генгам» командасына қарсы болды.

62-минутта Эдисон Кавани Неймардың пасынан кейін гол соқты. Арада 20 минут өткенде Неймардың өзі де гол соқты.

Кездесу «ПСЖ»-«Генгам» 3:0 есебімен аяқталды.

25 жасар Неймар «ПСЖ-ға» осы жазда «Барселонадан» ауысып келген болатын. Француз клубы Неймар үшін футбол тарихында бұрын-соңды болмаған сома — 222 миллион еуро төледі.

https://www.youtube.com/watch?v=ORBGggEy1pw

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version