23 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с, тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с жетеді, түнде және таңертең — тұман.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, тұман, көктайғақ болады.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан областырында тұман түседі.