Шымкентте «Kaspi bank-ті» тонаған күдікті ұсталды

Шымкентте «Kaspi bank»-ке шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ мемлекетті тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарлады.

Фото: Kapital.kz

«13 қазан күні Шымкенттегі «Каспий банкке» шабуыл жасалған болатын. Қазір күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. ҚР қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлімі бойынша іс қозғалды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде», — дейді ол.

13 қазан күні белгісіз ер адам Шымкент қаласындағы «Каспий банкке» шабуыл жасап, шамамен 16 миллион теңге, 23 мың АҚШ доллары мен 8 500 рубль ұрлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version