Шымкентте жылу беру маусымы басталды

Шаһардағы «3-ЭнергоОрталыққа» табиғи газ жеткізіліп, қазандықтар іске қосылған. Алдымен әлеуметтік нысандарға, содан соң көп қабатты тұрғын үйлерге беріле бастайды.

Фото: Іnform.kz

1 қарашаға дейін барлық нысандар толығымен жылумен қамтылуы тиіс, деп хабаралйды «Хабар» арнасы.

Мамандар енді тұрғындардың сервистік қызмет көрсетуші кәсіпорынмен келісімге келгені дұрыс деп есептейді.

«Шымкент қаласында 1800 үй болатын болса, оның 800-900 үйі иесіз қалған. Жертөлелерді жылыту үшін қызмет етіп жатырмыз. Бұрын үй иелерінің өзіне беретін болсақ, қазір шақыратын болса, сол жұмыстарды біз істеп береміз. Халықтан өтінеріміз, шаршы метрге төлейтін 6 теңгеден келісімшартқа сервистік компаниямен келісімге келсе екен»,-дейді «Қуат жылу орталығы-3» МКК бас инженері Пердебай Сәбитов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version