Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан чемпионаты басталды

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Республикалық Ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өтетін біріншілікке Қазақстанның барлық өңірінен 300-ге жуық каратэші қатысады.

Жарыста Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары да бақ сынайды. Қазір Киокушинкай-канкаратэден Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр.

Дереккөзinform.kz