Қаныкей мазарының тарихын білесіз бе?

«Туған жер» арнайы жобасының аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстағы ең танымал тарихи ескерткіштерді жарықтандыру сериясын жалғастыруда.

XVII ғасырда салынған Қаныкей мазары Қорғалжын ауданының Өркендеу ауылында орналасқан. XVII ғасырдың бас кезінде Қазақ елінің жағдайы өте ауыр еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар жан-жағынан анталап тұрды. Әсіресе жоңғарлар қазақтар үшін аса қауіпті жау болды. Аңыз бойынша, үш ғасыр бұрын бұл жерде ешкім өмір сүрмеген, тек қана қалмақтар мен қазақтар арасындағы шекара ретінде қызмет жасаған. Қалмақтар қазақтарға шапқыншылық жасап, малдарын айдап әкетіп, ауылдарын өртеп, жандырып кеткен. Осындай бір шапқыншылық кезінде 15 жастағы ханның қызы Қаныкей жорыққа бірге барады. Осы жорық қалмақтар үшін сәтсіз өтіп, қалмақтың қызы қайтыс болады. Қыз алаңқай далада жерленіп, моласы қызыл кірпішпен қаланады. Содан кейін қазақтар осы жерге көшіп, қоныстана бастады.

Өркендеу ауылында Өтеқара деген атақты бай өмір сүрді. Зор үміті бар, отбасының тірегі деп үміттенген жалғыз баласы қатты науқастанып, қайтыс болады. Әкесі соңғы сапарға шығарып салуға жерлеу рәсімін кең көлемде өткізіп, баласына мазар салуға бұйрық береді. Уақыт өте Тайбек жерленген мазарын адамдар «Қаныкей мазары» деп атап кеткен.

Мөлшері 28х23(18)х7 см шикі өңделген кірпіштен қаланған. Жалпы көлемнің төрттен бірі опырылып, қабырғалары ағып кеткен, кіреберіс бөлмесі жартылай сынған. Кіру есігі қосымша көлем түрінде орындалуымен ерекшеленетін күмбезді мазардың көне үлгісі. Шығыс жағында орналасқан кіреберіс көлемі 2,2 м. Кіреберістің аласа тік бұрышты ойығы домалақ бөлменің ішіне апарады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!