«Геомәлімет — бұл сіздің қайда тұрғаныңызды білдіретін қарапайым тетік. Сіз достарыңызбен кездесу үшін немесе өзіңіздің қайда жүргеніңіз туралы мәліметті көрсету үшін осы тетікті пайдалана аласыз. Аталған қызмет түрі шифрланған және сіз мұндай мәліметті кіммен бөлісу қажет екенін өзіңіз белгілейсіз. Әрі сіздің кез келген уақытта геомәліметті өшіріп немесе оны тиісті уақыт өткенше тоқтата тұратын мүмкіндігіңіз бар», — деп жазылған мессенджердің блогында.
Жаңа функцияны қалай қолданады?
Геомәлімет тетігін қосу үшін сізге қажет адамның чатына ену керек немесе қажет топты ашу қажет. Содан кейін «Қосу» тетігін басып, «Тұрған орынды» таңдаған соң «Геомәліметпен бөлісу» деген батырманы түртесіз. Сол жерден өзіңіздің қайда жүргеніңізді белгілеп, ол мәліметті қанша уақытқа дейін жариялағыңыз келетінін де таңдайсыз. Егер геомәліметті бірнеше қатысушы белгілейтін болса, онда олардың тұрған жері бір уақытта әрі бір картадан көрініп тұрады.
Геомәліметтер функциясы жақын күндері Android және iPhone телефондарында қосылады.