Кеше кешке Қырғыз Республикасының премьер-министрі Сапар Исаков бастаған бір топ делегация Астана қаласына келді. Бірінші вице-премьер-министр Т.Абдығұлов, сыртқы істер министрі Э.Абдылдаев, қаржы министрі А.Қасымәлиев, экономика министрі А.Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А.Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О.Абдыкаимов, экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы З.Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М.Айдаралиев, мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары К.Исаков делагация құрамында болды.
Кездесу барысында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қырғызстан билігі кездесуге өздері бастама болған.