«Қазақстан қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне алғаш рет төрағалық етпек. Аталған халықаралық органмен табысты жұмыс істеуге ниеттіміз», — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ ол еліміздің бүгінгі экономикасы іскерлік ынтымақтастыққа үлкен мүмкіндік беретінін айтты.
«Біз шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық қарым-қатынасымызды нығайтуға мүдделіміз. Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одаққа, Орталық Азия мен Қытай нарығына шығатын инфрақұрылым қалыптасты. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының, Еуропалық одақ пен Азияның көптеген елдері үшін визасыз режім енгізілді», — деді ол.