Жаңа комедиядағы басты рөлдерді Аружан Жазылбекова мен Данияр Алшыновсомдайды. Фильм Алматы қаласында шілде-тамыз айларында түсірілген. Картинада еліміздің барлық кино қайраткерлерін көруге болады. Эпизодтардың бірінде Ақан Сатаев төбе көрсетеді.

Асқар Бисембин өзінің жаңа туындысын «бұзақылар киносы» деп атады. Сұхбат барысында себебін былай түсіндірді:

«Негізі түсірілім алаңында актерлардан нақтылықты талап ететінмін. Бұл фильмде актерларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бердім. Барлығы түсірілімге өз ойларына келгенін жасады. Бұл кәсіби тұрғыдан қарағанда бұзақылыққа жатады. Бір күні ашық түрде фрик-шоу жасайтын уақыттың туатынына сенемін. Мұндай жанрда американдық режиссер Тодд Филлипс «Вегастағы балалар кеші» және жаңазеландиялықтар Тайка Вайтити мен Джемейн Клемент «Шынайы жалмауыздар» фильмдерін түсірген».

Сондай-ақ, Асқар Бисембин кино әлемі туралы толығырақ суреттеу үшін бір фильм аздық ететінін, алдағы уақытта хикая түсіру қажет екенін айтты.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!