Басты бетЖаңалықтарЕсіл ауданының...

Есіл ауданының азаматтары «Туған жер» бағдарламасын қолдайды

Ағымдағы жылдың сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасы ұсынылған болатын. Аталған бағдарламаны қолдаушылардың бірқатары Есіл ауданының азаматтары болды.

Атап айтқанда, «Чингиз Хан» ЖШС-ның басшысы Қазымбек Акмагамбетов туған өлкесі Интернациональное елді-мекеніне 10 млн теңгеге футбол алаңын тұрғызып, мектепке табыс еткен. Өткен жылы да өз есебінен спорт алаңы мен мұз айдынын тұрғызған. Сондай-ақ, ауданда спорт түрлерін дамыту үшін әрдайым қолдау көрсетіп тұрады.

Жоғарыда аталған бағдарлама бойынша «Ново-Приречное» ЖШС-ның директоры Валерий Тюркин Юбилейное селосында 3,5 шақырым жолға жалпы сомасы 80 млн. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмысын жасаған. В.Тюркин тұрғындарды жұмыс орындарымен толықтай қамтып отыр деуге болады, яғни 170-тен астам адам. Ауылдың әлеуметтік жағдайы өте жоғары екені бірден байқалады. Мұнда наубайхана, сауна, монша, бассейн, футбол алаңы, жастарға арналған спорт кешені, базар және қарттар үйі бар.

«Базарға жақын маңдағы аудандар мен ауылдардан өнеркәсіп өнімдерін әкеліп сататындар бар, ал ұн, көкөніс, т.б. өнімдер өзімізде бар», — дейді ЖШС басшысы.

Сондай-ақ, Юбилейное селосына барған жас мамандарды да толықтай үймен қамтыған. Енді балалардың спортта жақсы нәтиже көрсетулері үшін маман керектігін атап өтті.

БАҚ өкілдерінің келесі аялмадамасы Бузулук селосындағы Рамзан Салтаевтың «АгроОлдиви» ЖШС болды. Р.Салтаев ауылдық клуб ғимаратын қайта құру жұмыстары бойынша сараптама үшін 700 мың теңге төлеген.

Осы елде сүт өнімдерін қабылдайтын кооперативі бар Нұрлан Қайырбеков ауылда әр үйде мал ұстайтынын, ауыл тұрғындары үшін қажет дүние екендігін айтады.

Заречное селосындағы «Заречный» ЖШС-ның директоры Уәлихан Әріпов 250-дей адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл ауылдың тұрғындарының саны 1500-нан асады. Мұнда балабақша, клуб, мәдениет үйі, ауыр атлетикамен айналысу үшін арнайы спорт залы бар. Ауылдың әлеуметтік жағдай өте жоғары.

Жалпы, «Туған жер» бағдарламасы ұлттық патриотизмнің негізін қалайтыны анық. Жоғарыда аталған азаматтардың еңбектері бұған кепіл болары сөзсіз.