Басты бетНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанмен шекарадағы мәселелерді шешуді тапсырды

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі қырғыз үкіметінің аппаратына сілтеме жасап.

Ресми ақпарат бойынша, бұл кездесу ресейлік Сочи қаласында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес аясында талқыланған. Исаков Назарбаевқа шекарадағы жағдай туралы айтып берген. Ол бұл жағдайда Қырғызстанның ғана емес, Қазақстанның және басқа да елдердің азаматтары зардап шегіп жатқанын атап өтті.

Келіссөздерден соң президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үкіметіне шекарадағы барлық мәселелерді шешуді тапсырды, деп хабарлады Қырғызстан үкіметі.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдай 10 қазанда қиындады. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша, Қазақстан шекарада қатаң режимде жұмыс істей бастаған. Соның салдарынан өткізу пунктерінде ұзын кезек пайда болған.