Басты бетКаталония үкіметінің...

Каталония үкіметінің басшысы тәуелсіздік туралы декларацияға қол қойды

«Вместе за да», «Кандидатура народного единства» партиялары да Каталонияның тәуелсіздік алуын қолдап, декларацияға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қазан күні Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемон елді Испаниядан тәуелсіз ету туралы жалпыхалықтық референдум өткізген еді. Оған халықтың 43,03%-ы қатысып, оның 90,18%-ы Каталонияның азаттығы үшін дауыс берген.

Алайда испан басшылығы референдум қорытындысын мойындамайды. Конституциялық сот болса, референдум өткізуді заңсыз деп жариялаған. Халыққа дауыс бергізбеу үшін күш қолданды. Тіпті кейбір сайлау учаскелерінде дауыс беру бюллетендері мен жәшіктері тәркіленген. Қақтығыс кезінде 760 адам жарақат алған. Басқа дереккөз 400-дей адам жараланған деп хабарлайды.

ДереккөзRia.ru