Алмазбек Атамбаевтың Сочидегі кеңестерге қатыспайтыны туралы оның баспасөз аппараты хабарлады.
«Жекелеген саясаткерлердің қылмыс әлемінің көмегімен сайлау күні жаппай тәртіпсіздікке дайындалғаны туралы фактілер тіркелген, бұған қоса мұндай саясаткерлердің шетелден қаржылай қолдауын ескере отырып, президент ел қауіпсіздігі мен тәртіпті жеке өзі бақылау үшін жұмыс сапарынан бас тартты», — делінген ресми хабарламада.
Қырғыз президенті Сочидегі жиынға қатысатын делегацияны бастап баруды премьер-министрі Сапар Исаковқа тапсырды.