Тамара Дүйсенова Қырғызстан президентінің Қазақстандағы зейнетақы жайлы пікіріне жауап берді

Мұның алдында Қырғызстан президенті екі елдегі зейнетақы мөлшерін салыстырған болатын.

«Біз әрдайым қандай да бір мәселе болса да бір-бірімізге көмектесіп келгенбіз», — деді министр Тамара Дүйсенова үкімет сағатының үзілісінде.

«Әлеуметтік төлемдер мен оның деңгейін салыстырсақ, бұл әрбір елдің жеке өз мәселесі. Бізде аз немесе көп деу — менің тарапымнан және өзге тараптан айту дұрыс емес. Зейнетақы мөлшерін айтсақ, бізде Қырғызстан азаматтарының алатын зейнетақысы қарағанда 2,6 есе көп. 1 қаңтардан тағы да өсіретінімізді білесіздер. 1 шілдеде базалық зейнетақы қайта қаралды, осыны ескерсек, келесі жылы бұл айырмашылық 3,5 есеге жетеді», — деді Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетейік, мұның алдында ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасаған еді.

ДереккөзTengrinews.kz