Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында...

Ақмола облысында бірқатар департаменттерге жаңа басшылар тағайындалды

Руслан Саттарұлы Қасымов Ақмола облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы болып тағайындалды. Руслан Қасымов 1976 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. Мамандығы — экономист-заңгер. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде жауапты қызметтер атқарды. Жаңа лауазымына дейін Ақмола  облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының бірінші орынбасары болып қызмет істеді.

Сонымен қатар, Дүйсенбек Қаппарұлы Әубәкіров Ақмола облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментінің басшысы болды. Дүйсенбек Әубәкіров 1962 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. Мамандығы — заңгер-экономист. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің басқарма басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының жетекшісі  қызметтерін атқарды. Бұған дейін  Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болған.