Қазақстандық үздік рэперлер

Соңғы жылдары рэп жанры ТМД елдерінде тез танылып келеді. Бұл жанрда қазақстандық орындаушылар үздік, әрі бәсекеге қабілетті деп айтсақ артық болмайды. Өз деңгейінде мойындалған рэп әншілер тізімін ұсынамыз.

Скриптонит

скриптонит

Бұл қазақстандық рэп-орындаушы таныстыруды қажет етпейді. Бүгінде оның есімін барлық ТМД таниды. Әділ, әртістің шын есімі, ресейлік Gazgolder лейблінің орындаушысы.

Ең алғаш рет 2013 жылы «VBVVCTND» әніне түсірген бейнебаян арқылы танылған болатын. Екі жыл өткен соң «Дом с нормальными явлениями» деп аталатын дебюттік альбомы жарық көрді. Туынды 2015 жылғы орыстілді үздік рэп-альбомдар қатарына енді.

Hiro

Hiro

Қайдаров Бекболат, рэп әлемінде HiRoSima есімімен танымал. 1993 жылы 5 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Қазақстан рэпінің жарық жұлдыздарының бірі болып табылады.

Орындаушының бірінші кездегі әндері сәтсіз болды. Уақыт өте келе тәжірибемен бәріде дұрысталды. Сонымен 2007 жылдың жазында оның алғашқы хит әні «Спеши любить» тыңдарманға жол тартты. 10 жыл өтседе тыңдалып келе жатқан әнді жазған уақытында Бекболат бар жоғы 14 жаста болған.

Lucaveros

Lucaveros

Орындаушы 2010 жылы «Казахстан» деп аталатын хитпен Emir Frans есімімен танылған болатын.

Есімін өзгерткеніне қарамастан қазіргі таңда оның әндері интернетте үлкен танымалдыққа ие.

Da Gudda Jazz

Da Gudda Jazz

Қазақстандық рэп-мәдениетті жаңа деңгейге көтерген топ. Негізі 2009 жылдың 5 маусымында құрылған. Топ орындаушылары: Ренат Сайфутдинов aka Tanir, Артем Королев aka Карабин және Олжас Нуртазин aka Крайм Волшебник.

Топ мүшелері жеке шығармашылықпенде айналысатынын атап өткен жөн.

V $ X V Prince

V $ X V Prince

Хип-хоппен 16 жасынан айналысады. Алайда қазақстандық тыңдармандарға 2014 жылдың ортасынан бастап таныла бастады.

Ол болашақта Скриптонит пен Халибтың деңгейіне жетіп, ТМД-ға танылуды көздейді.

Big Som

Big Som

Самсон Big Som Аракелян — Батыс-Қазақстан рэп-мәдениет өкілі және қазақстандық рэптің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Қазақстандық Doma doma production лейблының негізін салушы.

Big Som «Актау дома дома» хитының арқасында танымалдыққа ие болды. Композиция Ақтау жастарының әнұранына айналып кетті.

Alphavite

Alphavite

Никита Alphavite – ART JUNGLE Records дыбыс жазу студиясының жас рэпері. Никита Алматыда туылған, қазіргі уақытта Ресейде өз шығармашылығын жалғастыруда.

2014 жылы Versus Fresh Blood-тың бірінші маусымына қатысып, финалда орын алған болатын.

Баттлдарға қатысу Никитаға сенімділік берді. 2015 жылға қарай ол өз стилін түсініп тыңдармандарға өз шығармаларында ашыла түскен болатын. Осының арқасында 2015 жылдың көктемінде FB-ның басты фавориті Эрнесто Заткнитесті жеңіп 100.000 рубль ұтты.

Fresh Blood I рэп-батлын жеңгеннен кейін Alphavite шығармашылығын жалғастырып, микстейптар жазып тұрады.

Bro Upgrade

Bro Upgrade

Иван Bro Upgrade Бурнин — тағы бір Оңтүстік-Қазақстанның рэп-мәдениет өкілі.

Бүгінгі таңда орындаушы жаңа әндер шығармай жүр, алайда жанкүйерлер жаңа хиттерді күтуде.

Baller

Baller

Көп үміт күттіретін жас қазақстандық рэпер

Бүгінде орындаушы әлеуметтік желілерде жастар арасында тез танылып келеді

Дереккөзztb.kz