Басты бетАймақтық масс-медиа...

Аймақтық масс-медиа отандық өнімдерді көрсете бастайды

ASTANA MEDIA WEEK медиа апталығының үшінші күні «Аймақтық БАҚ» тақырыбына арналды. Форумда Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аймақтық масс-медианың дамуына барлық жағдайлар жасалатынын жеткізді.

«Министрлiк өңiрлiк масс-медианың сапасын арттыратын кез келген бастаманы қолдауға әзiр», — дедi Дәурен Абаев.

Сондай-ақ аймақтық Бұқаралық ақпарат құралдарына 150-ге жуық отандық өнімдерді транслияциялау құқығы беріледі.

«Мемлекеттiк тапсырыс аясында дайындалған өнiмдердi аймақтық телеарналарда трансляциялау құқығын беру мәселесi шешiлдi. Бiз мемлекеттiк арналармен бiрiгiп, 1997-2015 жылдары дайындалған 146 өнiмнен тұратын тiзiм әзiрледiк. Бұл 39 телехикая, 59 көркем фильм, 42 телебағдарлама 5 көркем және 1 музыкалық фильм. Алдағы уақытта министрлiк мемлекеттiк арналар мен аймақтық БАҚ альянсымен ынтымақтастық туралы төртжақты келiсiм бекiтедi. Бұл құжат негiзiнде альянс өңiрлiк телеарналардың өтiнiштерiн талдап, уақытша көрсету құқығын беру процесiн реттейдi. Осылайша, өңiрдегiлер өтiнiштердi толтырып, қажеттi өнiмдердi ала алады», — дедi министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы отандық масс-медианы заңнамалық тұрғыдан қолдау мәселесiнiң қарастырылып, Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi дайындаған заң жобасы Мәжiлiсте талқыланып жатқанын айтты.

ДереккөзBaq.kz