Басты бетШайбалы хоккейден...

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты болады

Ең алғашқы болып мұз айдынына алаң кожайындары алматылық «Айсұлу» Рудныйдың «Горняк» командасына қарсы шығады. Келесі ойын сағат 12:40-та «Томирис» пен «Айсұлу U-18» клубтары арасында өтеді.

Бірінші тур ойындары төмендегі кесте бойынша өтеді:

10 қазан:

10:00 — «Айсұсу» — «Томирис»

12:40 – «Торпедо» — «АйсұлуU-18»

11 қазан:

10:00 – «Айсұлу» — «Торпедо»

12:40 – «Томирис» — «Горняк»

12 қазан:

10:00 – «Томирис» — «Торпедо»

12:00 – «Айсұлу U-18» — «Горняк»

13 қазан:

10:00 – «Айсұлу» — «АйсұлуU-18»

12:40 – «Торпедо» — «Горняк»

Айта кетер жайт, алматылық «Айсұлу» хоккей клубының ойыншылары ұлттық құраманың басты мүшелері болып саналады. Өткен маусымда олар Қазақстан чемпионатын жеңіп алып, Әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарына, сондай-ақ 2017 Алматыда өткен қысқы Универсиада ойындарына қатысқан болатын.

Қазіргі танда «Айсұлу» командасы ел біріншілігінің тұрақты көшбасшысы болып саналады. Өткен маусымда чемпионатқа 5 команда қатысқан болатын. Олар «Айсұлу» (Алматы), «Томирис» (Астана), «Торпедо» (Өскемен), «Жұлдыз » (Алматы) және «Горняк» (Рудный).