Ғалымдар: Қара шай арықтатады

Соңғы жылдары ғалымдар көк шайдың адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеген еді. Сол сияқты қара шайдың құрамын да зерттеп көрді. Ол үшін лаборатория тышқандарына сынақ жасап, оларға құрамында қанты мен майы көп тамақтар берген. Семірген тышқандарды екіге бөліп, біреуін қара және көк шай қосылған азықпен азықтандырған.

Тәжірибенің нәтижесінде ғалымдар күтпеген жаңалық ашты. Қара шай көк шайға қарағанда пайдалырақ болып шықты. Қара шайдың құрамындағы элементтер адамның ішектерінде өмір сүретін микробтар мен бактерияларды жояды екен. Ол ас қорыту жүйесін жақсартып, салмақ тастауға көмектеседі.