Қытай мен Қазақстанның шекарасы уақытша жабылады

Қазақстан азаматтары осы аптаның соңына дейін көрші Қытай еліне кіре алмайды.Себебі, аспан асты елі мемлекет боп құрылған күнін атап өтіп жатыр.

Фото: Inform.kz

Көрші мемлекеттегі мерекелік шаралар қазан айының 8-іне дейін созылмақ. Осы уақытқа дейін Қазақстан мен Қытай арасында жолаушы мен жүк тасымалына шектеу қойылады.

Шекара бекеттері тек 9-шы қазаннан бастап іске қосылады.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасында 4 өткізу бекеті бар. Шекараның жабылуына байланысты бұл жерлерде жүк тиеген көліктер қаптап тұр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version