Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында терроризммен күрес шаралары өтті

Ақмола облысында терроризммен күрес шаралары өтті

16 қыркүйекте терроризмге қарсы күресу жөніндегі астаналық жедел штабы мен Ақмола облысының аудандық жедел штабтары бірігіп, жоспарлы жедел-тактикалық жаттығу жүргізуде, деп хабарлайды  жедел штабтың баспасөз қызметі.

Фото: Dixinews.ru

Жаттығу Ақмола облысының Целиноград және Аршалы аудандарының аумағында өтуде. Іс-шараның мақсаты — Астана маңындағы тұрақты мекенжайларда террористік көріністерге шұғыл әрекет жасау бойынша міндеттерді орындауда жедел штабтардың күштері мен құралдарының даярлығын тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығу аясында іс-қимыл дағдылары, сондай-ақ терроризм актілері салдарын  барынша төмендету және жою бойынша іс-шаралар өңделуде. Оқу-жаттығу әртүрлі қиын элементтермен жауынгерлік жағдайға жақындатылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version