Көрші мемлекеттегі мерекелік шаралар қазан айының 8-іне дейін созылмақ. Осы уақытқа дейін Қазақстан мен Қытай арасында жолаушы мен жүк тасымалына шектеу қойылады.
Шекара бекеттері тек 9-шы қазаннан бастап іске қосылады.
Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасында 4 өткізу бекеті бар. Шекараның жабылуына байланысты бұл жерлерде жүк тиеген көліктер қаптап тұр.