Бүгін — шекарашылар күні

18 тамыз — Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні. 1992 жылғы дәл осы күні Елбасының  Жарлығымен Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды.

Тек Қазақстанда ғана емес, Әзербайжан елінде де шекарашылар күні 18 тамызда тойланады. Бұл мейрам елдің кәсіби мерекелері күнтізбесінде 2000 жылы пайда болды. Сәйкес жарлыққа мемлекет басшысы қол қойған.

Сондай-ақ, бүгін Тәжікстанда медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Парсы-тәжік халықтарының ғалымы, дәрігер Әбу Әли Ибн Синаның туған күніне орай 18 тамыз медицина қызметкерлерінің күні болып белгіленген.

Авиценна 980-1037 жылдары өмір сүрген. Оның медицина ғылымына қосқан үлесі үлкен. Медицина қызметкерлері күні Тәжікстан Республикасының күнтізбесінде 1995 жылы пайда болған.